БРЮССЕЛЬ.ҚазАқпарат – Нидерланд үкіметі дағдарысқа ұшырады. Марк Рютте бастаған коалициялық министрлер кабинеті көші-қон саясатындағы келіспеушіліктерге байланысты тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Баспана іздеушілер ағынын тежеу шаралары қызу пікірталасқа ұласты, деп хабарлайды NOS телерадиокомпаниясы. Босқындарға уақытша мәртебе беру және олармен қауышатын туыстарының санына шектеу қою туралы да ұсыныс болды.
Күзде басқарушы коалиция ыдырағаннан кейін кезектен тыс жаңа парламенттік сайлау өтеді деп жоспарланған.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.