Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рютте саясаттан кететінін мәлімдеді.
«Кеше таңертең алдағы сайлауда Бостандық пен демократия үшін халықтық партиясын басқармаймын деп шештім. Жаңа министрлер кабинеті билікке келгенде, мен саясаттан кетемін», - деді Рютте.
Оппозиция сайлауға дейін Рюттенің қызметінен кетуін талап етеді.
Рюттенің төрт партиялы басқарушы коалициясы өткен аптада көші-қонға шектеу шаралары туралы келісімге келе алмаған соң ыдырап кетті.
Жаңа сайлаудың күні әлі анықталған жоқ. Алдын ала болжам бойынша қараша айында өтеді.
Бұған дейін Нидерланд үкіметі босқындар мәселесіне байланысты отставкаға кеткенін хабарлаған болатынбыз.