Нидерланд үкіметін бұрынғы барлау қызметінің басшысы басқаруы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Нидерландтың жаңа үкіметін елдің бұрынғы барлау басшысы Дик Схооф басқаруы мүмкін. Премьер-министр лауазымына оның кандидатурасын сейсенбі күні басқарушы коалиция құру келісіміне келген төрт партия ұсынды, деп жазады Euronews.

Фото: x.com / @geertwilderspvv

Үкіметке сондай-ақ:

Кетіп жатқан премьер-министр Марк Рюттенің «Бостандық және демократия үшін халықтық партиясы» (VVD);

«Жаңа әлеуметтік келісім» центристік партиясы (NSC),

популистік «Фермерлердің азаматтық қозғалысы» (BBB) кіреді.

Министрлік портфельдерді бөлу бойынша келіссөздер аптаға созылуы мүмкін. Үкімет түпкілікті жасақталып, парламент бекіткеннен кейін жаңа премьер-министр ант қабылдайды.

67 жастағы Схооф ондаған жылдар бойы жоғары мемлекеттік лауазымдарда қызмет етті. 2020 жылдан бастап Әділет және қауіпсіздік министрлігінің бас хатшысы қызметін атқарды.

Бұған дейін ол AIVD барлау қызметін басқарды, Терроризмге қарсы және қауіпсіздік жөніндегі ұлттық үйлестіруші (NCTV) және Иммиграция және натурализация қызметінің (IND) директоры болды.