Қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау ұлттық институтының (RIVM) мәліметі бойынша, 22 маусымнан 5 шілдеге дейін созылған аптап ыстық кезінде Нидерландта болжанған көрсеткіштен 900 адам артық қайтыс болды.
Нақты себебі белгісіз, бірақ агенттік ыстықтың рөл атқарғанын мәлімдеді. Қайтыс болғандардың көпшілігі 80 жастан асқан. Егде жастағы адамдар аптап ыстық толқынына төтеп бере алмайды, себебі олар аз терлейді және ағзаларында су мөлшері аз. Созылмалы жүрек, қан тамырлары және өкпе аурулары бар адамдар да жоғары қауіп тобында, себебі ыстық симптомдарды күшейтуі мүмкін.
Институт ыстық толқыны кезінде ауа сапасының нашарлығы осал топтағы адамдардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретінін атап өтті.
Нидерландының барлық аймақтарында өлім-жітімнің жоғары деңгейі тіркелді, әсіресе елдің оңтүстігі мен шығысында.
22-28 маусым аралығында әдеттегі өлім-жітім санынан 586 адам артық тіркелді, бұл бастапқы бағалаудан 100-ден аса жоғары.
29 маусым мен 5 шілде аралығында тағы 325 артық өлім тіркелді, оны RIVM аптап ыстықтың «салдары» деп анықтайды, бұл жолы адамдар температура төмендесе де аптап ыстыққа байланысты асқынулардан қайтыс болады.
Біз бұған дейін Қытайдың аптап ыстықпен «жасанды жаңбыр» арқылы күресіп жатқанын хабарладық.