Порталдың мәліметінше, 20 сәуір күні кешке бірнеше жүз адам босқындарды орналастыру мәселесі талқыланған муниципалитет ғимаратының алдына жиналған. Бастапқыда жағдай тыныш болғанымен, кейін шиеленіс күшейді. Полиция әкімшілік ғимаратты қоршауға алып, тәртіпсіздік басталған соң қосымша күш тартылды. Нәтижесінде құқық қорғау органдары күш қолданып, наразылық білдірушілерді көшеден ығыстырды.
Тұрғындардың наразылығына жергілікті биліктің муниципалитет ғимаратына 110-ға дейін баспана іздеушіні орналастыру жоспары себеп болған. Бұл шешім 17 сәуірде жарияланған, алғашқы қоныс аударушылар осы аптада келуі мүмкін.
Муниципалдық билік бұл қадамның жедел қабылдануын елде мигранттарды орналастыру орындарының тапшылығына байланысты баспана іздеушілерді қабылдау жөніндегі орталық агенттігінің өтінішімен түсіндірді.
Ереуілге шыққандар билік жергілікті тұрғындардың пікірін ескермеді деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, шешім қысқа мерзімде қабылданған, бұл қауіпсіздік пен мигранттарды орналастыру жағдайына қатысты алаңдаушылық туғызған.
Өз кезегінде муниципалитет өкілдері тұрғындардың алаңдаушылығын ескеретінін айтты. Билік орталықты тәулік бойы күзетуге уәде берді.
Еске салайық, наурыз айында АҚШ пен Еуропа елдерінде Трамптың саясатына қарсы наразылық акциялары өтті.
Ал Миланда мыңдаған адам антимиграциялық наразылыққа шықты.