Нидерландта ананас жүгінен құны 75 млн еуролық бір тонна кокаин табылды

ГААГА. ҚазАқпарат – Нидерландтық кеденшілер Роттердам портында импортталған ананас салынған контейнерден бір тонна кокаин тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NOS-қа сілтеме жасап.

«Есірткі ананас контейнерінде жасырылған, олардың құны – 75 миллион еуро», - делінген хабарламада.

Контейнер өткен сенбіде бельгиялық Антверпеннен келген.

Тәртіп сақшылары есірткі контрабандасына қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.