Сайтта алғашқы рет Нидерландтың баламалы энергетика саласында жетекші технологиялар мен инновациядағы жетістіктерін бейнелейтін «ЭКСПО-2017» логотипі және «Low Land, High Energy» ұраны жария етілді.
Интернет қолданушыларға «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Нидерландтың ұлттық павильоны туралы ақпарат, көрмеге қатысушылар мен қонақтарға электрондық түрде тапсырыс беру мүмкіндігі қарастырылған іс-шаралар бағдарламасы және Қазақстандағы пайдалы сілтемелер ұсынылған.
«Қазақстанда бизнес жүргізу» бөлімінде Астанада өтетін көрме голланд бизнес-өкілдеріне, баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы, жасыл технолгиялар мен инновация салаларында іскерлік байланыстарды кеңінен орнатуға мүмкіндік беретіні айрықша белгіленген. Оған қоса, сайтта 2017 ж. маусым-қыркүйек аралығында өтетін сауда миссиялары туралы ақпаратты орналастыру жоспарланған.
Ерекше назар «болашақ жаңашылдар буыны» ретінде студенттермен жұмысқа аударылмақ. Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінде Нидерланд делегациясы голланд және қазақстандық студенттер арасындағы біліммен алмасуға бағытталған «Innovation Challenge» акциясын ұйымдастыруды жоспарлауда.
Ресми сайттың ашылуы қарсаңында Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Мағжан Ілиясов Нидерландтың ЭКСПО-дағы ұлттық комиссары Ханс Дриссермен кездесті. Келіссөздер аясында тараптар Нидерландтың Астанадағы халықаралық көрмеге дайындық барысы сұрақтары, сондай-ақ 2017 жылдың 22-23 ақпанында Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінің халықаралық комиссарлары жиналысына жоспарланған голланд делегациясының сапары мәселелері талқыланды.
«ЭКСПО-2017» арналған арнайы сайттың Нидерландыда ашылуы - Астанада өтетін көрмеге қатысушылар мен қонақтарды кеңінен тартуда тиімді құрал болатыны аталып өтілді.