UnitedConsumers тұтынушылар ұйымының мәліметінше, дизель бағасының өсу қарқыны қазір бензинге қарағанда жоғары. Сарапшылар мұны Еуроодақтағы дизель отынының импортқа тәуелділігі бензинмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болуымен түсіндіреді.
Бағаның күрт өсуіне байланысты шамамен 50 жүк көлігінің жүргізушісі наразылық акциясын өткізді. Олар елдің солтүстігіндегі автомагистраль бойымен шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен жүріп, билік назарын мәселеге аударып, қолдау шараларын талап етті.
Наурыздың соңы мен сәуірдің басында АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциялары және Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының бұзылуы аясында Еуропада жанармай бағасының күрт өсуі байқалды.
Бұған дейін Еуропада әуе отыны бағасы рекордтық деңгейге жеткенін жаздық.