Жергілікті БАҚ пен полицияның хабарлауынша, неміс компаниясының аустриялық нөмірлі туристік автобусы соқтығысудан кейін жолдан шығып кетіп, қоршауға соғылып, бір бүйіріне қарай аударылып қалған. Апат салдарынан көлік екіге бөлініп кеткен.
Автобуста 50-ге жуық адам болған. Көпшілігі, мектеп оқушылары. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, сегіз адам жарақат алды. Әсіресе сынған әйнек тіліп кетіп, жараланғандар көп. Өрт сөндірушілердің көмегімен автобустағы барлық жолаушы эвакуацияланды.
Оқиға орнында көптеген құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.
Апаттың нақты шығу себебі әзірге белгісіз. Бір нұсқа бойынша, автобус фургонның артқы жағына соғылып, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.
Бұған дейін Угандада мектеп автобусы апатқа ұшырап, 20 оқушы мерт болған еді.