Оқиға Амстердамнан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан Фогельварде шағын қаласының маңындағы ферма егістіктері арасындағы ауылдық жолда болды.
Оқиға орнында екі бала мен бір ересек адам қаза болды. Төрт бала ауыр жарақат алып, емделу үшін Нидерланд пен көршілес Бельгиядағы ауруханаларға жеткізілді. Кейінірек олардың бірі бейсенбі күні кешке Роттердамдағы ауруханада қайтыс болды.
Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар 14 мектеп оқушысы мен бірге жүрген екі ересек адамнан тұратын топ мүшелері.
Полиция оқиғаға қатысы болуы мүмкін 19 жастағы ер адамды ұстады. көлікті нақты оның басқарғаны белгісіз.
Полиция оқиғаның себебін тергеп жатыр. БАҚ-та жарияланған фотосуретте алдыңғы әйнегі сынған және капоты зақымдалған көлік жол жанындағы егістікте тұрғаны көрсетілген.
Нидерландта мұндай оқиғалар велосипед инфрақұрылымының жақсы дамығандығы және күнделікті өмірде велосипедтердің кеңінен қолданылуынан сирек кездеседі.
Бұған дейін Алматыда көлік бес жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлаған едік.