Нидерландтағы турнирде қазақстандық бес боксшы жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың 6 маусымдағы нәтижесі белгілі болды.
Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасынан алты былғары қолғап шебері шаршы алаңға шықты.
Олардың қатарында Ерхан Тұрдан, Ертуған Зейнуллинов, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов, Сағындық Тоғамбай және Нұрлан Сапарбай бар.
Олардың нәтижесі төмендегіше:
60 келі Ерхан Тұрдан (Қазақстан) — Расул Гулиев (Украина). Төрешілердің шешімімен жекпе-жек Р. Гулиевтің жеңісімен аяқталды.
65 келі. Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) — Хилаль Салех (Швеция). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Е. Зейнуллиновке берілді.
70 келі. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) — Александр Трофимчук (Литва). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс А.Жүсіповке берілді.
75 келі. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) — Орландо Холли-Сотоми (Уэльс). Төрешілердің бірауыздан шешімімен С. Аққалықов жеңіске жетті.
90 келі. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) — Дакай Альбон (Босния және Герцеговина). С. Тоғамбай екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
90 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) — Мервель Бинда (Германия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен Н. Сапарбай жеңіске жетті.
Енді ел құрамасынан Даниял Сәбит (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Тілемісов (85 келі), шаршы алаңға шығады.
Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.