Нидерландтағы турнирде қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Нидерландтың Эйндховен қаласында өтетін бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды.
Дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы бақ сынайды.
Олардың қатарында Даниял Сәбит (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі), Ертуған Зейнуллин (65 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Тілемісов (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары) бар.
50 келі. Даниял Сабит (Қазақстан) - Максим Рудик (Украина)
55 келі. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) - Максим Зименко (Украина)
60 келі. Ерхан Тұрдан (Қазақстан) - Расул Гулиев (Украина)
65 келі. Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) - Хилаль Салех (Швеция)
70 келі. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Александр Трофимчук (Литва)
75 келі. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) - Орландо Холли-Сотоми (Уэльс)
80 келі. Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) - Иво Пеллебур (Нидерланд)
85 келі. Дәулет Төлемісов (Қазақстан) - Валерий Вальтер (Германия) / Идрис Леганас (Бельгия)
90 келі Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) - Дакай Альбон (Босния және Герцеговина)
90 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) - Мервель Бинда (Германия).
Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.