Автоматтандыру банк қызметкерлерінің 12 пайызын жұмыссыз қалдырады. Қазір ұйымда 52 мың жұмысшы бар. Тағы 1 200 қызметкер басқа бөлімдерге ауыстырылмақ. Бұл - ING банкіндегі 2009 жылдан бергі ең үлкен қысқарту. ING технологияларды дамытуға 900 миллион доллар инвестиция сала отырып, 2021 жылы бірыңғай сандық банк тұғырнамасын жасауды жоспарлап отыр.
Банк жүйесінің цифрлық нұсқаға ауысуы Солтүстік Еуропада бірнеше жыл бұрын өтіп кеткен заңды үрдіс, - деп мәлім етті банк басшысы Ральф Хамерс.
Қысқарып қалған қызметкерлерге банк 1 миллиард доллар өтемақы ұсынады.