Нидерланды билігі мәйіттерге арналған қапшықтарды сатуға шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерланды үкіметі мәйіттерге арналған 2500 қапшықты онлайн-аукционға қойды, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

BVA Auctions компаниясы өкілінің сөзіне қарағанда, бұларда осындай таңданарлық заттар жиі сатылады.

Бәссауда жайлы әзірге БАҚ өкілдері ғана қызығушылық танытып отыр.

Қапшықтар бір лотпен бастапқы баға - 5 мың доллармен сатылмақ.

Бірден-бір сатып алушы Х алықаралық көмек көрсету жөніндегі агенттік болады деп күтілуде.