Нидерланды королі тақтан бас тартты

БРЮССЕЛЬ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - 31 қаңтарда 75 жасқа толатын Нидерланды королі (әйел) Беатрикс II (Beatrix, толық есімі Беатрикс Вильгельмина Армгард) өзінің 45 жастағы ұлы - ханзада Оранский-Нассау Виллем-Александрдың пайдасына тақтан бас тартты.

Бұл туралы еуропалық БАҚ хабарлады.

Тәж ағымдағы жылдың 30 сәуірінде тапсырылады.

1980 жылы 30 сәуірде таққа отырған кезден бастап Беатрикс ел істеріне белсене араласып, голландықтар арасында кеңінен танымал болды.

Айта кетейік, Беатрикстің үш ұлы бар: ханзада Виллем-Александр (1967), ханзада Фрисо (1968) және ханзада Константин (1969). Ханзада Клаус 2002 жылы 6 қазанда көз жұмды.