Басылымның атап өтуінше, Виллем-Александрдың ұшақ басқарып келгендігі 2013 жылы таққа отырғанға дейін мәлім болған еді. Бұрын ол ұшқыш лицензиясын сақтап қалу мақсатында шағын ортамагистральді Fokker 70 ұшағын «қонақ ұшқыш» ретінде басқарған болатын.
Нидерланды королі өзінің берген сұхбатында атап өткендей, ол ары қарай да ұшақтың штурвалына отыруын жалғастырмақшы және биыл жазда үлкен Boeing 737s лайнерін басқару бойынша ұшу курсын оқымақ.
Сондай-ақ, ол жолаушылар ұшағының штурвалына әрбір жасырын отырып келген сәтінде борттағы жолаушыларға өзінің кім екенін таныстырмай келген. Себебі, екінші ұшқыш өзін таныстыруға міндетті емес. Бұдан басқа, Виллем-Александрдың айтуынша, KLM-ның киім үлгісі мен фуражкасынан оны ешкім танымаған.
ФОТО: Natascha Libbert