ҚазАқпарат бұрын хабарлағандай, 2012 жылдың ақпан айында Фрисо ханзада Австрияның Альпі тауларында дәстүрлі түрде осы жыл мезгілінде королдік отбасы демалатын Лех тау-шаңғылық курортына таяу жерде қар көшкінінің астында қалған. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінен және соның нәтижесінде туындаған оттектің жетіспеуі салдарынан науқастың миына қатты зақым тиді. Содан бері ол ес-түссіз жатты.
16:00, 13 Тамыз 2013
Нидерланды королінің інісі қайтыс болды
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше, 12 тамыз күні, бір жарым жыл ес-түссіз жатқан Нидерланды ханшайымы Беатрикстің ортаңғы ұлы, қазіргі король Виллем-Александрдің інісі Фрисо ханзада қайтыс болды.