Нидерланды тұрғыны Антарктиданы трактормен көктей өтпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерланды тұрғыны Манон Оссеворт Антарктиданы трактормен көктей өтетінін мәлімдеді, деп жазады Russia Today.

Бұдвн бұрын 30 жастағы голландтық әйел бүкіл Африканы басып өткен болатын, бұл сапар 2005 жылдан 2009 жылға дейін созылды. Бұдан кейін ол өзінің сүйікті көлігі - трактормен Антарктидаға сапарлауды армандап жүр. 4,6 мың шақырымнан асатын өзінің саяхатын ол бұрынғы кеңестік, қазіргі ресейлік «Новая» базасынан бастамақ.