Нидерланды Түркиядағы консулдық қызметін уақытша тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбул қаласындағы Нидерланды консулдығы уақытша қызметін тоқтатты. «Торрорлық қауіп болуы мүмкін» деген себепке байланысты ондағы барлық қызметкерлер эвакуацияланды. Бұл туралы Нидерланды СІМ мәлімдеді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

СІМ Стамбулдағы өз азаматтарына консулдыққа келмеуді, жаңалықтарға құлағдар болып жүруді ескертті.
Консулдықтың жабылуына қатысты басқа себептер әлі айтылған жоқ.
Күндіз Түркия қауіпсіздік қызметі Сирия тарапынан Түркия шекерасын кесіп өтпек болған «Ислам мемлекетінің» 10 лаңкесі ұсталғанын хабарлады.