Нидерландыда әлемдегі тұңғыш жүзетін ферма салынып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың соңына қарай голландиялық Роттердам қаласында 60 сиырға шақталған әлемдегі тұңғыш жүзетін ферма салынып бітеді.

Бұл жоба коммерциялық сүтті мал шаруашылығының қоршаған ортаға тигізетін зиянын төмендетеді.

Әр сиырға шамамен 50 шаршы метр алаң келеді. Олардың жем-шөбі сол жерде өсіріледі.