Урк ауылындағы жастар коронавирусқа тест тапсыратын ғимаратты өртеген. Бұзақылар полицейлерге жанғыш заттар пен тас лақтырып, бірнеше көлікті қиратқан.
Сақшылар бүкіл ел бойынша 3600-ден астам адамға 95 еуродан айыппұл салды. Ал ел астанасы Амстердамда жұрт жым-жырт. Мұнда ойын-сауықтан көз ашпайтын тұтас бір ауданның көшелері бос қалған.
Нидерландыда коменданттық сағат Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл елде 9 ақпанға дейін кешкі сағат 9-дан таңғы 4 жарымға дейін далада бейсауат жүруге болмайды.