Нидерландыда паранжа киюге тыйым салынды

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Нидерландыда адамның бетін жауып тұратын киімді киюге тыйым салатын заң шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NL Times агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап мемлекеттік мекемелерде,оқу ғимараттарында, денсаулық сақтау мекемелері мен қоғамдық көліктерде бет-әлпеттіжауып тұратын киім киюге болмайды.

Паранжа мен никабқа ғана емес, сондай-ақ,бетті түгелдей жауып тұратын мотоцикл шлемдері мен балаклаваға тыйым салынды.Егер азамат заң талабына сәйкес бетін ашудан бас тартатын болса, оғанкөрсетілген қоғамдық орындарға кіруге тыйым салынуы немесе 150 евро көлеміндеайыппұл салынуы мүмкін.

Көшеде әлі де болса мұндай киімді киіп жүругеболады, алайда полиция тұлғаның түр-сипатының сәйкестігін тексеру үшін бетінашуын сұрауы мүмкін.

Паранжаға тыйым салу туралы алғашқы заң жобасынидерланды парламентіне 14 жыл бұрын енген еді, алайда кемсітушілік сипатқа иеболғандықтан, қолдау тапқан жоқ.

Адамның бетін тұтастай жауып тұратын киімгетыйым салу туралы қазіргі заңды өткен жылдың маусым айында голландиялықпарламентарий қолдаған болатын. Сол уақыттан бері бұл заңды іске қосу тәсіліұзақ уақыт талқыланған еді.


Автор: Тимур Дүйсекеев


Соңғы жаңалықтар