Голландтық Roosegaarde студиясы осындай ерекше велосипед жолын тарту етті. Жолдың шетіне шағын күн панельдері қойылған. Жолдың кейбір өрнектері бойына қосымша шамдар өорнатылған. Сондықтан да бұлтты күндері де жол қараңғы болмайды. Жолдағы осындай өрнектерді салуға суретші Ван Гогтің «Жұлдызды түн» картинасы шабыттандырған. Ұзындығы бір шақырымдық жол Солтүстік Брабант провинциясында салынған, мұнда суретші туып-өскен болатын. Бұл жоба Ван Гогтың қайтыс болғанына 125 жыл толуына орайластырылып отыр.