Орталықты салу жөніндегі келіссөздер қалалық кеңес ғимаратында өтіп жатқан, алайда бұл шешімге наразы топ ұйымдастырған акцияға қатысушылар ғимаратқа басып кірмек болғандықтан, жиынды жалғастыру мүмкін болмады.
Шараға қатысқан бірнеше белсенді қолға түскен, жапа шеккендер мен жарақат алғандар туралы хабар жоқ.
Наразылық акциясына 2 мың адам қатысқан. Ал қалада небары 27 мың тұрғын бар.
Айта кетейік, биыл Нидерландыға Сирия, Ирак және Африка мен Таяу Шығыс елдерінен бірнеше ондаған мың босқын келген.