Нидерландының әскери полицейлері Украинаға келді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Австралиялық полицейлермен бірге «Малайзия әуе жолдары» компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған жерді күзету үшін 40 нидерландылық полиция Харьковке келді, деп хабарлады ш.етелдік БАҚ

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Нидерланды полиц е йлері Украина аумағына қарусыз жеткен. Олар австралиялықтармен бірге әуе кемесі апатқа ұшыраған аймақты қорғайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, м ала й зиялық «Боинг-777» Украинаның Донецк облысында бейсенбі күні кешқұрым апатқа ұшараған болатын. Оның бортындағы 298 адамның барлығы ажал құшты.