NIF$50K және Рационализатор.kz байқауының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік инновация және жаңа технологияларды дамытуға арналған үш бірдей байқаудың қорытындыларын шығарды.

Атап айтар болсақ, ол үш сайыс NIF$50K инновациялық бизнес-жоспарлардың республикалық конкурсы, «Рационализатор.kz» республикалық жарысы және «Өрлеу ақпараты» атты инновациялық тақырыпта жазылған ең үздік журналистік материалдар конкурсы.

NIF$50K байқауының жеңімпазы Талдықорған қаласының тұрғыны Мырзахмет Түлеев атанып, 7,5 млн. теңге сыйлық алды. Оның өнертабыс жобасы «Аймақтардағы су деңгейін көтеру құрылғысы» деп аталады.

«Рационализатор.kz» конкурсы бойынша бірінші орын «Қазфосфат»ЖШС қызметкерлері Мұқаш Ескендіров, Леонид Франгулиди, Әбсамат Керембаев, Серік Мықтыбаев, Александр Малыш, Николай Юрченко сияқты азаматтарға бұйырды.