деп хабарлады Associated Press елдің үкіметіне сілтеме жасай отырып. Қазіргі уақытта құрбан болғандардың саны 91 адамды құрады.
Су тасқындары күрделі қирауларға алып келді. Жолдар мен инфрақұрылым нысандары бұзылды, жергілікті алқаптардан егістік шайылып кетті, мал басы едәуір азайды.
Нигер өзенінің аңғарындағы 3 мың гектар ауылшаруашылық жер су астында қалды.
Тамыз айында үкімет су тасқыны салдарынан қаза болған 47 адам туралы хабарлаған болатын.