«Алматы» бейнебаянын ресми таныстырылымын жасамадық. Тек туындыны ғаламторға жүктедік. Келесі айда әншінің «Айналайын» атты қазақша әні дүниеге келеді. Ол әнге түсірілген бейнебаянды ресми түрде таныстыратын боламыз», - деді Жомарт Сүлейменов.
Сюжетте әнші Rich D Алматы көшелерінде серуендеп, домбырада ойнайды.
«Rich D 2002 жылы Қазақстанға оқуға келген. Кейін университетті тәмамдаған соң Америкаға оқуға кетті. Үш жылдан соң қайтадан біздің продюссерлік орталыққа келді. Біз әншімен 5 жылға келісімге қол қойдық. Қазір әншінің репетуарында 5 қазақша әні бар», - деді Ж.Сүлейменов.
Оның айтуынша, әншінің қазақ тілін үйренуге деген ынтасы зор. Қазір ол аптасына 5 күн репититорға барып жүр. Сонымен қатар, әнші дәстүрлі музыкалық аспаптарды ойнауды да үйренуде.