Оқиға салдарынан 100-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан. 200-ден астамы жарақат алған. Олардың арасында халықаралық Қызыл крест ұйымының да мамандары бар.
Жоспар бойынша, әуе соққылары мемлекеттің солтүстік-шығысында әрекет ететін «Боко Харам» лаңкестік тобына қарсы жұмсалуы тиіс еді. Қайғылы жағдайға байланысты елдің президенті Мухаммаду Бухари марқұм болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жапа шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.