Нигерия: «Боко Харам» қалаға шабуыл жасап, 30 адамды жер жастандырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Боко Харам» қылмыстық тобының жауынгерлері Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан Майнок қаласына шабуыл жасап, кем дегенде 30 адамды жер жастандырды, деп жазады Би-би-си.

Куәгерлердің айтуынша, олар жұма күні жергілікті базарға басып кіріп, керек-жарақтарын алып кеткен.

Соңғы екі апта ішінде «Боко Харам» Борно штатының әкімшілік орталығы - Майдугури қаласының маңындағы бірнеше елді мекенді басып алды.

Нигерия армиясы әзірше бұларды толықтай бақылауға ала алмай келеді.