Қарақшылар адамдарды 50 күннен астам уақыт кепілдікте ұстаған. Басылымның жазуынша, кепілдікте ұстаған кезде 17 адам аштықтан өлген.
Босатылғандар штат билігіне тапсырылды.
Нигерияның солтүстік және орталық аймақтарында соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстың белсенділігі айтарлықтай өсті. Қарақшылар адамдарды өлтіреді, төлем үшін кепілге алады, мал ұрлайды, тұрғындарды қорқытады, олардан түрлі бопсалау арқылы ақша алады. Бандылар сонымен қатар тұрғындары билікпен жұмыс жасайтын ауылдар мен елді мекендерге шабуыл жасайды. Үкімет қылмыспен күресу үшін арнайы полиция мен әскер бөлімдерін қолдануға мәжбүр.