Енді Нигерия Армиясын Тукур Юсуф Буратаи басқарады. Ол «Боко Харам» содырлары қазіргі уақытта белсенді әрекет етіп жатқан солтүстіктегі Борно штатында туған.
Өткен аптада ғана содырлар кем дегенде 250 нигериялықты өлтірді.
Құқық қорғаушылардың есептеріне сәйкес, соңғы алты жылда қаніпезерлердің қолынан 10 мың жазықсыз адамның қаза тапты.
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Боко Харам» «Ислам мемлекеті» тобына адал болуға ант берді. Олар өздерін «Ислам мемлекетінің Батысафрикалық провинциясы» деп атады.