Нигерияда 3 шіркеуді жарып жіберді, 36 адам ажал құшып, 100-ге жуығы жарақаттанды

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Нигерияда жексенбі күні христиандарға қарсы тәртіпсіздіктер орын алды. Бір күннің ішінде Африканың халық ең тығыз орналасқан елінде 3 шіркеу жарылды, 36 адам көз жұмып, шамамен 100-ге жуығы жарақаттанды.

Қылмыс елдің солтүстігінде жасалды, ол 160 млн. халқы бар Нигериядағы  мұсылмандар шоғырланған жер.

Жанкешті-лаңкестер Зариа мен Кадуна қалаларында шіркеулерді жарып жіберді. Жарылыстың аралығы 1 сағат болды. Қылмыскерлер жексенбі күні шіркеуге адамның көп баратындығын пайдаланып, динамиттер салынған көлікті шіркеуге бағыттаған.

Билік өкілдері мұсылмандарға қарсы шабуылдың болуынан сақтанып, коменданттық сағат орнатты.