Нигерияда 30-ға жуық бала ұрланды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысында болжам бойынша «Боко Харам» тобының жауынгерлері 30-ға жуық баланы ұрлап кеткен, деп жазады Би-Би-Си.

Борно штатындағы үлкендердің бірі Мафа ауылында 11 жастан асқан қыздар мен 13 жастан асқан ұлдарды алып кеткен деп хабарлады.

Исламшылдардың шабуылы бейсенбі күні болған, одан 17 адам қаза болған.

Нигерия билігі территориядағы жауынгерлермен және көршілес Чадтың араға түсуімен келіссөздер жүргізуде және тараптар таяуда ғана оқ атуды тоқтату туралы келісімге келгенін жариялаған болатын. Чад әлі тоқтамай келе жатқан күш көрсетуге «Боко харам» ағымы жауапты екенін мәлімдеді.

Нигерия болған жағдайға бандиттерді кінәлап отыр.