Нигерияда 60 қыз-келіншек ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-батысында тағы да 60 жас қыз-келіншектер ұрланды, деп хабарлады ВВС.

Бұған дейін де демалыс күндері болжаммен «Боко Харам» исламшыл тобының содырлары 20 адамды ұрлап кеткендігі хабарланған еді.

ВВС-дің хабарлауынша, Нигерияда ұрланған адамдар жайында нақты деректі атау өте қиын. Өйткені, жергілікті тұрғындар да, шенеуніктер де адам ұрлығы жайында айтудан қорқады.

Ал қыз-келіншектер Борно штатына қарасты ауылдардың біріне қарулы адамдар шабуылдағанда ұрланғанға ұқсайды.