Нигерияда бақташылар мен шаруалар қақтығысып, 16 адам мерт болды
15:15, 25 Желтоқсан 2023
Нигерияның солтүстік-орталық бөлігіндегі Мушу ауылында бақташылар мен фермерлер арасында қақтығыс болып, 16 адам қаза тапты. Бұл туралы Франс Пресс (AFP) агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа жаңалықтарына сілтеме.
Шабуыл сенбі түн ортасында басталған, қантөгіске не себеп болғанын анықтау мақсатында тергеу басталды, делінген AFP-тің елдің әскер өкіліне сілтеме жасаған хабарламасында.
«Полиция мен қауіпсіздік күштері этникалық және діни қақтығыс жиі болатын аудандағы жаңа жанжалды тоқтату үшін оқиға орнына асықты», — деп толықтырған AFP.