Нигерияда болған екі жарылыстың салдарынан 30-дан аса адам көз жұмды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның шығысындағы Гомбе қаласында екі жарылыс болып, салдарынан 30-дан аса адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости Қызыл Жартыай ұлттық қоғамдастығының мәліметтеріне сілтеме жасап.

«Мен санитарлық қаптардың ішінен 30-дан аса мәйітті көрдім. Тағы да қаза тапқандар бар екеніне сенімдімін», - дейді қоғамдастық мүшесі.

Әзірге жарылысқа қатысты жауапкершілікті бірде-бір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Бірақ құқыққорғау органдары бұған «Боко Харам» ұйымының қатысы бар болуы мүмкін деген болжам айтады.