Нигерияда болған теракттың салдарынан 27 адам құрбан болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның оңтүстік шығыс бөлігінде жанкешті әйел жарылғыш затты іске қосты, деп хабарлайды ТАСС.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жарылыстың салдарынан 27 адам құрбан болды.

Агенттік келтірген мәліметтер бойынша, теракттің салдарынан 83 адам зардап шекті. Тағы екі жанкешті босқындарға арналған лагерьдің маңында орналасқан аймақта өздерін жарып жіберді. Бұл жарылыстың салдарынан жанкештілердің өздерінен басқа құрбан болғандар жоқ, алайда зардап шеккендер бар.