Бұл туралы сәрсенбі күні тірі қалғандар өлгендерді жерлей бастаған кезде жергілікті билік хабарлады.
Плато штатындағы бірнеше ауыл сенбіден сейсенбіге дейін үш күн бойы қарулы топтардың шабуылына ұшырады.
Бұл аймақ бірнеше жылдан бері діни және этникалық шиеленістің азабын тартып келеді.
Орманда орналасқан бандиттік топтар осындай рейд жүргізеді, ақша үшін адамдарды тонап, ұрлайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нигерияда шабуылдан қаза тапқандар саны 160-қа жеткенін хабарлаған едік.