Нигерияда қауіпсіздік күштері мен исламшылардың қақтығысында 30-дан астам адам қаза тапты

АСТАНА.  Шілденің  27-сі. ҚазАқпарат -  Нигерияның   қауіпсіздік күштері  мен «Боко харам»  исламшыл  тобының    арасында  болған   қарулы   қақтығыстың салдарынан  ең аз дегенде 32 адам қаза  тапты.

Қанды қырғын    елдің    солтүстік-шығыс ауданында    болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РАТА-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

Британдық  Би-Би-Си     телекорпорациясының  хабарлауынша,     бірнеше     ондаған содыр    Баучи қаласындағы полиция участогіне  шабуыл жасаған.    Бірақ  өкімет  күштері  шабуылдаушылардың  беттерін тойтарған.

Қолға түскен  содырлардың бірінің  журналистерге    айтқанындай,   шабуыл  «Боко харам»    жетекшілерін тұтқындаған    өкіметтен  кек алу     әрекеті  болған.

2001  жылдан  бері Баучи қаласында  шариғат   заңы   жұмыс істейді, бірақ    аталмыш топ     шариғатты бүкіл   Нигерияға    орнату   үшін күресуде.