Басында 43 адам қаза болды деп мәлімделгенмен, тексеру барысында тағы 16 марқұм анықталды, деп хабарлайды Reuters. Аталған қанды оқиғаны «Боко Харам» жергілікті діни экстремистік тобы өз мойындарына алды. Батыстық тәрбиеге үзілді-кесілді қарсы бұл топ Нигерия аумағында бірнеше рет террорлық әрекет жасап, халықаралық қара тізімге енген болатын.
13:23, 26 Ақпан 2014
Нигерияда лаңкестер мектепті өртеп, 59 оқушыны қырып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияда лаңкестер елдің солтүстік-батысындағы Матуро қаласында мектеп жатақханасына шабул жасап, оқу ғимаратын өртеп жәбрді. Салдарынан 59 оқушы өртеліп, атылып ажал құшты.