Хабарламадағы мәліметтерге сәйкес, дертті жұқтыру жағдайлары ел астанасы Абуджада ғана емес, тағы 21 штатта тіркелген.
-2023 жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында ауруды жұқтырудың 10 жаңа жағдайы тіркелген. Осылайша, 1 қаңтардан 31 тамызға дейін жалпы науқастар саны 871-ге, өлім-жітім 162-ге жетті, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге мәліметтерде елдегі күдікті және расталған жағдайлардың жалпы саны өткен жылғы сәйкес кезеңнен төмен екені айтылған. Алайда инфекцияның таралу қаупі әлі де бар.
Өткен жылы Ласса безгегі 190 адамның өмірін қиды. Нигерия үкіметі 2019 жылдың 23 қаңтарында осы ауруға байланысты төтенше жағдай жариялаған болатын.
Ласса безгегі Африка құрлығының көптеген елдерінде таралған, соның ішінде Мали, Того, Гана, Либерия және Сьерра-Леоне сиқты елдер бар. Нигерияда бұл ауру алғаш рет 1969 жылы елдің солтүстік-шығысындағы Борну штатында тіркелді.
Инфекция кеміргіштерден және адамнан адамға жұғады, ауыр геморрагиялық безгек тудырады.
Билік халықты тышқандар мен басқа да кеміргіштермен байланыстан аулақ болуға шақырып отыр.
Осыған дейін Нигерияда Ласса безгегінен қаза тапқандар саны 151 адамға жеткені туралы жаздық.