Штат билігінің мәлімдемесіне қарағанда, мотоциклге мінген содырлар бей -берекет оқ атқан.
Нигерияның солтүстік және орталық бірнеше аймақтарында соңғы айларда қарулы топтардың бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарының күшейгендігі байқалды. Ең көп шабуыл Замфара, Нигер, Кадуна, Сокото және Катсина штаттарында тіркелді. Қарақшылар адамдарды өлтіреді, кепілге алады, мал ұрлайды, тұрғындарды қорқытады, әр түрлі алымдар алады.
Мұндай жағдайларда билік қарақшылармен күресу үшін арнайы полиция мен әскер бөлімдерін қолдануға мәжбүр. Жекелеген ауылдар мен елді мекендерді қорғау үшін жергілікті милиция бөлімшелері де құрылуда.