Нигерияда су тасқынынан құрбан болғандар саны 24 адамға жетті

АБУДЖА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Нигерияның Кацина штатындағы су тасқыны салдарынан құрбан болғандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы нигериялық Төтенше жағдайлдар басқармасының (SEMA) баспасөз хатшысы Омар Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан 16 625 үй қирап, 1620 ауыл шаруашылық учаскесін су басқан.

Нигерия билігі жақын арада зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетеді.

Нигерияда нөсер жаңбыр салдарынан туындаған су тасқыны 500-ге жуық адамның өмірін қиған.

Сарапшылардың айтуынша, елде 53 миллионға жуық адам су тасқыны қаупі бар жерлерде тұрады.


Фото: aa.com.tr