Нигерияда теракт ұйымдастырмақ болған жанкешті қыздардың көзі жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның өзін-өзі қорғау күштері елдің солтүстік-батысындағы базарда жарылыс ұйымдастыруы тиіс болған үш жанкештінің көзін жойды, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі азаматтық билік өкілдері мен әскери қызметшілерге сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, жанкешті қыздардың көзі олар Мадагали қаласының маңындағы ауылға жақындай берген жерде жойылды.  Қыздар қаша жөнелген, бірақ атылған оқ жарылғыш затқа тиіп, олар қаза болды. Үшінші лаңкес қыз қашу барысында өлтірілді, деп жазды «РИА Новости» агенттігі.

Жергілікті билік терактіні "Боко Харам радикалды тобы ұйымдастырмақ болды деген пайымда.

"Боко Харам" - Нигериядағы радикалды топ. Оның содырлары білім берудің батыстық үлгісіне қарсы және ел аумағына шариғат заңдарын енгізуді көздейді. Топ Нигер, Камерун және Чадта жүргізілген әскери науқандарға жауап ретінде терактілерді жиі ұйымдастырып тұрады.