Куәгерлердің мәліметтерінше ұшқыш ұшақты тұрғын үй орамдарынан алшаққа бұрып үлгірген. Ашық далаға құлаған ұшақ толығымен жанып кетті. Басылым машина құлаған жердегі көкке көтерілген қалың түтінді жария еткен. Зардап шеккендер туралы мәліметтер әзірге түсе қойған жоқ.
Өз кезегінде Reuters агенттігі ұшақтың Нигерия ӘӘК тиесілі екендігін хабарлады. Ол Абуджи әуежайына қонуға дайындалған еді.