АСТАНА. ҚазАқпарат – Нигерияда жанармай таситын көлік жарылып, 12 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.
Оқиға Коги штатында Нигерияның солтүстік-орталық облысындағы күре жолдардың бірінде болған. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, жанармай құйылған автоцистернаның тежегіші істен шыққан. Соның кесірінен шосседегі көліктерге соғылады. 12 адам өртке оранған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі оқиға орнын қоршап, зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарына кірісті.
Коги штатында қыркүйек айында да осыған ұқсас апат болып, 10 адам қайтыс болған.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.