Лаңкестік жергілікті уақыт бойынша сағат 7-лерде Нигерияның қауіпсіздік қызметі кеңсесінен бірнеше метр жерде орын алды. Кеңсенің жанынан көлікпен өтіп бара жатқан лаңкес жарылғыш затты іске қосқан, салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Бұдан бұрын Майдугури қаласынан 110 шақырымда Сабон Гари ауылына жақын жерде жарылыс орын алған. Ол кезде төрт адам қаза тапқан. 25 адамның ажалына себеп болған Зариа қаласында да жарылыс болғаны хабарланды. Нигериялық Джос қаласында екі рет болған лаңкестік әрекеттен 50 адам көз жұмған. Лаңкестікті «Боко Харам» тобы басқарады, олар соңғы аптада 300-ден астам адамды өлтірген.