Нигерияда жолаушылар қайығы аударылып, 25 адам қаза тапты
16:25, 28 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Нигерияның Нигер штатында жолаушылар қайығы өзенде аударылып, 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.
Хабарламада жергілікті Муния ауданының бір топ тұрғынының Широро ауданына қайықпен жүзіп бара жатқанда сол өңірдегі өзенге батып кеткені айтылады.
Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 25 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Шенеуніктер аймақта іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын және қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін айтты.
Нигерияда жаңбырлы маусымда өзен-көлдерде суға бату оқиғалары жиі кездеседі.
Еске сала кетейік, Нигерияда тырысқақ ауруынан 13 адам қайтыс болғаны жайлы жазған едік.