Басылымның хабарлауынша, белгісіз біреулердің қарулы тобы түрмеге басып кірген, жүздеген тұтқын қашып кеткен, кем дегенде бір полиция қызметкері қаза тапты.
«Шабуылдаушылар түрмені бір сағаттың ішінде басып алды», - деді куәгерлердің бірі. Ол қарулы топ басты кіреберіс жерге әскери нөмірлері бар көлікпен келгенін атап өтті.
Қазір түрмеге қосымша әскери бөлімшелер жіберілді. Қашып кеткен тұтқындар іздестіріліп жатыр.